Үйлену той

Шуақты көктемнің керемет күнінде, «Алтын Ұя» мейрамханасында – үйлену той болып, тағыда бір жас отбасы дүние есігін ашты. Жоғары деңгейде өткен бұл тойға, өз үлесін қосып, тойдың сәтті, әрі қызықты өтуіне ерекше көңіл бөлген  – Жанна Аубакированың Арт студиясы. Керемет тойдың басын студиямыздың жаңа театралдық  «Сүйінші»  жобасы бастап берді. Кешімізге     ұлттық аспабымыз – домбырамен сыр шерткен «Арт домбыра» триосы, сұлу да  сымбатты « Арнау» би әлемі өз өнерлерін паш етті. Бұл кештің жүргізушілері Жанна Аубакирова және Жаңабай Өтегенов – бұл тойға ерекше ықпалын тигізді. Халқымызға танылып келе жатқан « Трио – Z» жігіттері,және « Самал» дуэті  ерекше дауыстарымен, келген қонақтарға жақсы әсер қалдырды.

Кешіміз жоғары деңгейде өтті! Ал біздің айтарымыз отбасын құрған жастарымызға – бақытты да баянды ғұмыр кешіңіздер!

comments powered by HyperComments