Сопрано


Наурыз мерекеміздің қарсаңында, тағыда бір отбасы өздерінің аялап, мәпелеп өсірген қыздарын, сүйген жарына қосып өз ұяларынан ұшырды. Бұл күні той иелерінің жүздерінен күлкі, қуаныш кетпеді.

Кештің кереметтей көңілді, әрі жоғары деңгейде өтуіне өз үлесін қосқан Жанна Аубакированың Арт-студиясы. «Сопрано» мейрамханасында өткен кешіміздің басында студиямыздың жаңа жобасы «Алаш баласы» атты әнімен ортаға күйеу жігітті — Қобыланды Болат кіргізді.

Бұл тойдың жүргізушілері Жанна Аубакирова және Бекзат Оспанов – кереметтей тойдың жақсы өтуіне ерекше ат салысты. Өзінің әсем дауысымен Тұрсынай Шалқымаева келген қонақтарға ән сыйласа, керемет, сылқым билерімен « Прайм» би тобы жақсы көңіл күй сыйлады.
Бұл күнімізде бір отбасына қуаныш сыйлаумен өтті.Өмірдің жаңа бетін ашып, қол ұстасқан екі ғашыққа – мәнді де, сәнді ғұмыр кешулеріне тілектеспіз.

comments powered by HyperComments