Риксос фотоотчет


«Қазақ халқы «Бесіксіз үйде береке жоқ» деп өмірге келер сәбиді асыға күткен. Себебі бала – өмірдің гүлі, жалғасы. Жас нәрестенің өмірге келуі, отбасы мүшелеріне әкесі мен атасына, нағашы жұртына үлкен қуаныш әкелген, жас нәресте өмірге келгенде арнайы адам жіберіп сүйінші сұратқан. Ендеше, сүйінші, ағайын! Өмірге сәби келді!» — деген жарқын сөзбен басталған Бесік той ерекше өтті..
Ортаға кілем төселіп, көрпе жайылды, арнайы қонақтар күә болып, нәрестеге азан шақырып атасы атын қойды.. Әжесі «Тыштырма» рәсімін жасап, сәбиін бесікке салды. Мәрә- сәрә боп халқым тойды ерекше әсермен жалғастырды..

IMG_0277 IMG_0297 IMG_0305 IMG_0316 IMG_0312 IMG_0321

comments powered by HyperComments