«ҚТЖ»ҰК АҚ залында «ҚТЖ»ҰК АҚ қызметкерлер арасында «Қазақша сөйлейік!» бағдарламасы өтті

2014ж. қазан айының 15 күні «ҚТЖ»ҰК АҚ залында «ҚТЖ»ҰК АҚ қызметкерлер арасында «Қазақша сөйлейік!» бағдарламасы өтті.
Қадыр Мырзәлі ағамыздың — «Ана тілің — арың бұл, Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте…» дегендей, бүгінгі ҚТЖ ҰК-да ұйымдастырып отырған сайысқа өз ісінің майталмандары, тіл жанашырлары жиналды!
Бағдарламада қазақ тілін өз тіліндей құрметтейтін, мемлекеттік тілді бар ынтасымен үйренгісі келетін әртүрлі саладағы, электр механигі, жетекші аудармашы, машинист, электрик инженер және тағы басқа мамандар болды.
Осындай керемет бағдарламаны жүргізген Талғат Көктеубаев пен Жанна Әубәкірова еді.
Бүгінгі таңда ҚТЖ ҰК-да тіл мәселесіне ерекше көңіл бөліп келеді.
«Қазақша сөйлейік!» конкурсының өткізілуінің негізгі мақсаты мемлекеттік тілді құрметтеу және қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, қазақстандық патриотизмді нығайту, мемлекеттік тілдің мәртебесімен маңыздылығын насихаттау, қызметкерлерді мемлекеттік тілді үйренуге ынталандыру, аударма мен мемлекеттік тілде іс жүргізу құжатттардың сапасын арттыру болып саналады.
Кеште әсем ән мен тәтті күй шырқалды. Концерттік бағдарламаны біздің Арт- студия ұйымдастырған болатын. Республикалық байқауларының лауреаты, Ш. Қалдаяқов атындағы конкурстың жеңімпазы Бекзат Оспанов, саксофоншы Нина Моисеева, халықаралық конкурстардың лауреаты Алмат Сайжан (сыбызғы, шан қобыз, қыл қобыз) авторлық «Хан Кене» жаңа композициясын орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

comments powered by HyperComments