Наурыз-Party Астана , 2015

Ел ордамыз Астана қаласы наурыздың 25 — ші жұлдызында «Ақ тілек» мейрамханасында,  Жанна Аубакированың арт – студиясы «Наурыз Пати Астана» мерекелік кешін өткізді. Кешіміздің басты ерекшелігі – ұлттық тағамдар мен ойындар.  Мерекеміздің қонақтары өнер жолында көптеген халықаралық байқаулардың жеңімпаздары: әншілер,  айтыскерлер,  ақындар, бишілердің қатысуымен өтті.

Көз тоймайтын «T’dee concept» мұсылмандық түрік  киім үлгісі көрсетілсе,  заманауи киім үлгісін «Show room logovo»шығармашылық сән орталығы  ұсынды.  Жоғары деңгейде өткен бұл мерекеде – авторлық жаңа жобалардың тұсауы кесілді.  Кешімізде концерттік бағдарламадан бөлек  асық ату,  қол күрес, тоғыз құмалақ секілді ойындарының  жеңімпаздары арнайы  дипломдармен марапатталды. Келген қонақтармен лотерея ойыны ойнатылып,  бас жүлде « Iphone 6» ұялы телефоны ұтысқа қойылды.

Наурыз мерекесіне арналып істелген кешіміз – көңілді,  берекелі,  мерекелі  жоғары деңгейде өтті. Келген қонақтарымыз жақсы әсер алып,  жаңа туындыларды тамашалап,  демалып қайтты. Кешімізге  қатысқан  қонақтарымызға,  қолдау көрсеткен достарымызға алғысымызды білдіреміз.

Ұлыс оң болсын -Ақ мол болсын!!!

comments powered by HyperComments
Interessant → Schauen Sie sich hier jetzt